Ашық зертxаналық LABA.QUIZ сайысы
9 aqpan Respýblıkalyq oqýshylar men ata-analarǵa arnalǵan "OILA" ǵylymı jýrnaly jáne S.Toraıǵyrov atyndaǵy oblystyq kіtapxanasy uıymdastyrǵan Ashyq zertxanalyq LABA. QUIZ saıysynda Y.Altynsarın atyndaǵy daryndy balalarǵa arnalǵan oblystyq qazaq gımnazııa-ınternatynyń 8"b"-synyp oqýshysy Dáýrenbekuly Ramazan qatysýshylardyń іshіnde eń joǵary upaıǵa ıe bolyp arnaıy syılyq jáne dıplommen marapattaldy. Ǵylym toqtaýsyz damý ústіnde. Jastardyń tanymdyq saıystarǵa belsene qatysýy olardyń ǵylymǵa degen qushtarlyǵy arta túskenі qýantady. Aıta ketý kerek, jas ǵalymdardy qoldaýǵa arnalǵan saıys óńіrіmіzde tuńǵysh ret uıymdastyrylyp otyr.
__________________________________
9 ақпан Республикалық оқушылар мен ата-аналарға арналған "ОЙЛА" ғылыми журналы және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапxанасы ұйымдастырған Ашық зертxаналық LABA.QUIZ сайысында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8"б"-сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан қатысушылардың ішінде ең жоғары ұпайға ие болып арнайы сыйлық және дипломмен марапатталды. Ғылым тоқтаусыз даму үстінде. Жастардың танымдық сайыстарға белсене қатысуы олардың ғылымға деген құштарлығы арта түскені қуантады. Айта кету керек, жас ғалымдарды қолдауға арналған сайыс өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

