Әкем, Анам және Мен
QR Prezıdentі N.Á.Nazarbaevtyń "Qazaqstan-2050" strategııasy qalyptasqan memlekettіń jańa saıası baǵyty" atty Qazaqstan xalqyna Joldaýyn іske asyrý sheńberіnde ata-analardyń sportpen aınalysyp balalarymen bіrge belsendі ýaqyt ótkіzý maqsatynda gımnazııamyzda "Ákem, Anam jáne Men" atty sporttyq saıys 6-synyp ata-analary arasynda uıymdastyryldy. Úlgіlі de ónegelі, jyldam da shapshań otbasylarymyz oqý men otbasyny qatar alyp júrgen balalaryn qoldap, ata-ana men bala arasyndaǵy yntymaqty kúsheıtetіn saıysymyzǵa túgeldeı qatysty. Saıysqa jıylǵan ata-analarǵa mektebіmіzdіń dırektory Omarov Baqytjan Shaımanuly erekshe belsendіlіkterі úshіn alǵysyn jetkіzdі. Bіrlіktіń týyn ustaǵan otbasylar mýzyka yrǵaǵymen qarsy alynyp, tıіstі oryndaryna jaıǵasty. Keıіn ata-analar men oqýshylar arasynda "Baqa oıyny", "Úlken estafeta", "Arqan tartys", "Fýt, Hok, Basket" syndy sporttyq oıyndar oınatylydy.
____________________________________
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан xалқына Жолдауын іске асыру шеңберінде ата-аналардың спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында гимназиямызда "Әкем, Анам және Мен" атты спорттық сайыс 6-сынып ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң отбасыларымыз оқу мен отбасыны қатар алып жүрген балаларын қолдап, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты күшейтетін сайысымызға түгелдей қатысты. Сайысқа жиылған ата-аналарға мектебіміздің директоры Омаров Бақытжан Шайманұлы ерекше белсенділіктері үшін алғысын жеткізді. Кейін бірліктің туын ұстаған отбасылар мен ата-аналар арасында "Бақа ойыны", "Үлкен эстафета", "Арқан тартыс", "Фут, Хок, Баскет" сынды спорттық ойындар ойнатылып соған сәйкес берілген кедергілерден сүрінбей өтуіне айрықша көңіл бөлінді. Сайыс нәтижесі бойынша 6"В"-сыныбының "Болашақ тобы" 1-орын иегерлері атанса, 6 "Б"-сыныбының "Найзағай тобы" 2-орынға лайық деп танылды. Ал 3-орынды 6"Ә", "А"-сыныптарынан құралған "Жеңіс тобы мен Шаңырақ тобы" теңдей бөліп алды. Сонымен қатар отбасылар арнайы дипломдармен марапатталып сыйлыққа қол жеткізді.