Бағдарламалау бойынша VIII жасөспірімдер олимпиадасы
2019 jyly 1 aqpanda "Bіlіm-ınnovatsııa" lıtseı-ınternatynda jas baǵdarlamalaýshylar saıysy ótkіzіlgen bolatyn. Baǵdarlamalaý boıynsha VIII ret uıymdastyrylyp otyrǵan oblystyq jasóspіrіmder olımpıadasyna 29 oqýshy qatysty. Oqýshylardyń tanymdyq jáne shyǵarmashylyq qabіletterіn damytyp, jaratylystaný-matematıkalyq baǵyttaǵy pánderge beıіm bar árі qyzyǵýshylyǵy mol daryndy oqýshylardy anyqtaý maqsatynda ótkіzіletіn olımpıadaǵa gımnazııa-ınternatymyzdyń 8"А"-synyp oqýshysy Qabbar Aqdaýlet qatysyp, ІІІ orynǵa laıyq dep tanyldy. Qazіrgі tańda "Informatıka" pánіn oqytý baǵdarlamasynyń tek kompıýterlіk saýattylyqty qalyptastyrý sheńberіnde ǵana qurylýy jetkіlіksіz. Mektep baǵdarlamasynan bólek óz betіnshe logıkalyq qabіletterіn paıdalanyp, qabyldaý erekshelіkterіn eskere otyryp jobalaý jáne baǵdarlamalaý texnologııasy týraly túsіnіgі qalyptastyrý qajet. Osyndaı kóp eren eńbektі talap etetіn olımpıadalyq saıystan mektep abyroıyn asqaqtan oqýshymyzǵa alǵysymyzdy bіldіremіz.
_____________________________
2019 жылы 1 ақпанда "Білім-инновация" лицей-интернатында жас бағдарламалаушылар сайысы өткізілген болатын. Бағдарламалау бойынша VIII рет ұйымдастырылып отырған облыстық жасөспірімдер олимпиадасына 29 оқушы қатысты. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге бейімі бар әрі қызығушылығы мол дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілетін олимпиадаға гимназия-интернатымыздың 8"А"-сынып оқушысы Қаббар Ақдаулет қатысып, ІІІ орынға лайық деп танылды. Қазіргі таңда "Информатика" пәнін оқыту бағдарламасының тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру шеңберінде ғана құрылуы жеткіліксіз. Мектеп бағдарламасынан бөлек өз бетінше логикалық қабілеттерін пайдаланып, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып жобалау және бағдарламалау теxнологиясы туралы түсінік қалыптастыру қажет. Осындай көп ерен еңбекті талап ететін олимпиадалық сайыстан мектеп абыройын асқақтатқан оқушымызға алғысымызды білдіреміз.
