"Той бастар" атты тақырыптық кеш
Qazaqstan Respýblıkasynyń Prezıdentі N.Á.Nazarbaevtyń "Uly dalanyń jetі qyry" atty maqalasy men keshe ǵana bastaý alǵan jastar jyly aıasynda, Isa Baızaqov atyndaǵy Pavlodar oblystyq fılormonııasy, QazSSR-nіń Halyq artısі Rústembek Omarovtyń 100 jyldyǵyna arnalǵan "Toı bastar" atty taqyryptyq keshіn ótkіzgen bolatyn. Ataýly kezdesý "Shańyraq" xalyq shyǵarmashylyq ortalyǵynda uymdastyrylyp, mektep-ınternatymyzdyń oqýshylary men tálіmgerlerі arnaıy shaqyrtýmen baryp qaıtqan bolatyn.
_________________________________
Bul kezdesýde QR Eńbek sіńіrgen qaıratkerі Tіlegenov Ermurat Nyqatuly, QR Eńbek sіńіrgen qaıratkerі Kárіmov Talǵan Barıtuly, mýzykalyq mektep-ınternatynyń basshysy Serіk Syzdyqov pen Rústembek Omarovty nasıxattaýshy Ásel Arynova qatysyp, óz pіkіrlerіmen bólіstі.
••••••••••••••••••••••••••••••••
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы мен кеше ғана бастау алған жастар жылы аясында, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы, ҚазССР-нің Халық артисі Рүстембек Омаровтың 100 жылдығына арналған "Той бастар" атты тақырыптық кешін өткізген болатын. Атаулы кездесу "Шаңырақ" xалық шығармашылық орталығында ұйымдастырылып, гимназия-интернатымыздың оқушылары мен тәлімгерлері арнайы шақыртумен барып қайтқан болатын.
_________________________________
Бұл кездесуде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тілегенов Ермұрат Нықатұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кәрімов Талғат Баритұлы, музыкалық мектеп-интернатының басшысы Серік Сыздықов пен Рүстембек Омаровты насиxаттаушы Әсел Арынова қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Ал оқушылар кеш қонақтарына қойған сауалдарына жауап алып айтқан ақыл-кеңестерінен ой түйіп, Ертіс-Баян өнерпаздары орындаған әсерлі әндердің куәгері болды.