Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ХVІІ ОБЛЫСТЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ

Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 3 мамыр күні өткізілген ХVІІ облыстық Абай оқуларына  біздің мектебімізден 3 оқушы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша  І дәрежелі дипломымен 5а-сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет марапатталды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында І дәрежелі дипломына  9а- сынып оқушысы Сарыбай Құдырет ие болды.

«Көңілім әнді ұғады» номинациясында  І дәрежелі дипломын  9б- сынып оқушысы Сейілхан Аманбол иеленді.

Мектебіміздің жеңімпаздарын дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы,  Қайрат Айсана Қайратқызы  және вокал үйірмесінің жетекшісі Абдрахманов Азамат Мадиевичке«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы табысталды.

Дарынды да талантты оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Жеңімпаз ұлдарымыздың қыркүйек айында Абайдың елінде өтетін ХVІІ республикалық Абай оқуларында  жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз.