Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Қ.О.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

2016 жылғы 8 сәуір күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған Қ.О.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіөткізілді. Ережеге сәйкес олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: 1 тур – эссе жазу, 2 тур – ауызша.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 9б сынып оқушысы Шарапиден Аида І орын, 10б сынып оқушысы Күбеш Наргиз ІІ орын, 10б сынып оқушысы Нұрбекова Жансая, 11б сынып оқушысы Еренғайып Әсем,  8б сынып оқушысыНаурызбай Гүлмәркен ІІІ орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.

2016 жылдың 27-30 сәуір күндері Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларымызға  сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз.