«БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ – БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ»
2016 жылғы 14 сәуір күні Инновациялық Еуразия Университеті ұйымдастыруымен «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға мектебімізден 14 оқушы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
5 а сынып оқушысы Каримов Мансұр І орын және «Жас ғалым» номинация иегері;
10 б сынып оқушысы Рахимжанова Анель ІІ орын;
6 сынып оқушысы Шәмшиден Жібек ІІІ орын;
9 б сынып оқушысы Токибаева Лаура ІІІ орын;
5 ә сынып оқушысы Каббар Ақдәулет «Жас ғалым» номинациясының иегері атанды.
Жетістікке жеткен жас талапкерлерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, талмас талап тілейміз.
