"Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
2018 ж. 15 мамырда сағат 18:30-да "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған "Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
- 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі,
- отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;
- оқу процесін цифрландыру.
