Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«ХVI СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2016 жылғы 12 сәуір күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ХVI Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға мектебімізден 27 оқушы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

9 а сынып оқушысы Омарова Аружан «Тарих» секциясы бойынша ІІ орын;

10 б сынып оқушысы Рахимжанова Анель «Орыс филологиясы» секциясы бойынша ІІІ орын;

8 б сынып оқушысы Оразбаев Марлен «Информатика» секциясы бойынша ІІІ орын;

5 а сынып оқушысы Каримов Мансұр мен 6 а сынып оқушысы Каримов Мамыржан «Информатика» секциясы бойынша ІІІ орын;

5 б сынып оқушысы Жеңісбек Әлихан «Өлкетану» секциясы бойынша ІІІ орын;

10 б сынып оқушысы Ахат Әсем «Этномәдениеттану» секциясы бойынша ІІІ орын.

Ғылым жолына қанат қаққан жас талапкерлерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, талмас талап тілейміз.