ЗЕРДЕ» ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ
2016 жылдың 16-18 наурыз күндері Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7-сыныптар арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың республикалық сайысында мектебіміздің 6 «а»-сынып оқушысы Мурзабек Дами «этномәдениеттану» секциясы бойынша I дәрежелі дипломиегері атанды. Жемісті ізденудің арқасында жеткен нәтижесімен Дамиді және ұстазы Окпина Бақтыгүл Мәулітқызын шын көңілмен құттықтаймыз! Жасампаз заманның жас зерттеушісі, жауһар білімді іздеуден жалықпағайсың!
