РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ
2016 жылдың 3-4 наурыз күндері Астана қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ж.Жабаевтың 170 жылдығы және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған республикалық жас ақындар айтысы болып өтті. Мектебіміздің 9 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан жүлделі III орынды қанжығасына байлап, облысымыздың намысын қолдан бермеді. Дүбірлі додада республикаға танымал Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов, т.б айтыскер ақындар төрелік етті. Бұл айтыс Марғұланның болашағының бастамасы іспетті. Марғұланды жастайынан айтыс өнеріне баулып, баптап жүрген ұстазы, облысымызға белгілі ақын Асығат Тұрғанбек Сәулетұлының да еңбегі еленді. Сөз өнерінің құдіреті мен қасиетін түсінетін Марғұланның келешегінен көп үміт күтеміз және тұғырлы жеңісімен құттықтаймыз!!!
