Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі

     2018 жылғы 11 қаңтарда облыстық көп салалы лицей-интернатында 8-11-сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға мектебімізден 6 оқушысы қатысты.  Нәтижесінде 5 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 3; ІІІ орын – 2; Атап айтқанда, «Шешендік өнер» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке (жетекшісі Абаева А.Т.) ІІІ орын, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Оразбаев Марлен (жетекшісі Мұхаметжанова Р.Ж.) І орын, «Шығарма» номинациясы бойынша 11 «б»-сынып оқушысы Шарапиден Аида (жетекшісі: Касыбаева М.Б.) ІІІ орын, «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Абдраимов Ердәулет (жетекшісі: Қайрат А.Қ.) І орын, "Ақындар айтысы" номинациясы бойынша 11 "а"-сынып оқушысы Сарыбай Құдірет (жетекшісі: Асығат Тұрғанбек) І орын. І орын иегерлері атанған оқушылардың жетекшілері "Ұстаздық еткен жалықпас" номинациясымен марапатталды.

     Осы аталған жүлдегер оқушыларымыз бен байқауға дайындаған ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз. «Ақберен» республикалық байқауының республикалық кезеңіне жолдама алған оқушыларымызға ақ жол тілейміз.