Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ұлт көшбасшысының жолдауы - болашаққа бағдар

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар  

Ұлт көшбасшысының жолдауы - болашаққа бағдар

    Біз, Павлодар қаласының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының ұжымы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2018 жылғы 9 қаңтардағы Жолдауын үлкен жігермен  қабылдадық.  Елбасымыз өз Жолдауында Қазақстанның жаңа жылдам өзгермелі әлемде өзіне лайықты орнын алу үшін жүзеге асырылуы тиіс 10 басты міндетті айқындап, көрсетті. Оның ішінде барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін атап өтті. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны, мектепте қаланған білім негізі адамның болашағына жол ашады.

     Қазіргі жаңа технологиялардың қарқынды даму кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуындағы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті жан-жақты көп тіл білетін маман дайындау. Бүгінгі күні біз Назарбаев зияткерлік мектептерінде тәжірибеден өткен заманауи оқу бағдарламаларын негізге алған жаңартылған білім мазмұнына көшіп, халықаралық стандарттарға сай келетін жүйеге қадам бастадық. Бұл  біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан танымдық әлеуетін дамытатын  болады. Осы орайда мемлекет басшысы мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30-50 пайызға көбейтуді тапсыруы қуантарлық жағдай. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтыру, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектебімізді заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру арқылы біз оқушыларымыздың білімін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіншілік аламыз. Осындай қолдау қызметімізге шабыт беретіні анық. «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деп атап өтетін болсақ,  «Түркі тілінің ішіндегі ең гауһары – қазақ тілі» деп Мәшһүр бабамыз айтқандай, егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, ана тіліміздің абыройын асқақтата жүріп,  түлектеріміз жаһандық әлемді тану үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеруі қажет.

     Елбасының биылғы жолдауы бұған дейінгі жасалған жалпыхалықтық реформалар мен дамыған елдердің қатарына жету бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырудың айқын тетіктері екенін түсіндіреді. «Ұлт көшбасшысының Жолдауында қамтылған адам капиталының жаңа сапасы – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін нақты қадам», бағытына тоқталатын болсақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру барысында, ұлттық рухта тәрбиелеуде ауыл аймақтарынан келген дарынды оқушылардың бойына рухани ұлттық құндылықты дарытып, қазақи болмыста тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі толассыз. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы, ел келешегіне үміт артады.

 

     Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының ұжымы