АНА ТУРАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАЛАР САЙЫСЫ
Білім беру басқармасы 2016 жылғы 25 ақпаннан 3 наурыз аралығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ....», «Портрет моей мамы!», «Нет тебя дороже…» тақырыптарында шығармалар конкурсын өткізді.
Мектебіміздің 9 «а»-сынып оқушысы Гаухар Ахан «Сенен артық адам жоқ!» тақырыбында шығармасын ұсынып, жүлделі III орынға (мұғалімі А.Қ.Қайрат) ие болды.
Гаухардың шығармасы білім беру басқармасының сайтында, «Сарыарқа самалы», «Звезда прииртышья» газеттерінде жарияланатын болады.
