«BRITISH BULLDOG» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2015-2016 оқу жылындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес және халықаралық ұйымдастыру комитетімен жасалынған келісім-шарт негізінде Павлодар облысында 2015 жылдың 15 желтоқсанында жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында «British Bulldog» конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурстың басты мақсаты оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру, лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
Мектебімізден барлығы 26 оқушы белсене қатысты. Нәтижесінде 5-сынып оқушылары Олжатай Нұрсая, Манапов Нұрсұлтан, Асаинов Ернұр, Кистаубаев Ернар, 6-сынып оқушылары Уалихан Мерейлым, Сайлаубекова Аружан, Мустафина Нұрай, Вахитова Дильназ I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қоса, 10 оқушы II орын, 4 оқушы III орынның иегерлері атанды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
