Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

АНА – ӨМІР ШУАҒЫ!

29 ақпан күні«Анаға қарап қыз өсер» атты 5-7-сыныптар арасында мерекелік сайыс болды. А.К.Мусабекова мен Л.А.Баяндина жауапты болды.  Мақсаты - анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру. Отанын, тілін, қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтей білуге үйрету, адамгершілік қасиеттерін, ана мен баласының арасындағы өзара сыйластықты, тәрбиені одан әрі дамыту. Оқушы бойына ізгілік пен биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

1 наурыз Елбасы жарлығымен алғыс айту күні  боп жарияланды. Алғашқы рет тойланатын мерекеде басқа ұлттың бір-біріне және қазақ халқына алғыс айту күні боп саналады. «Ол күн барша қазақстандықтың бір-біріне мейірімділік, достық және махаббат білдіруінің жарқын мерекесіне айналар еді»,-деп сенеді Елбасы.  Алғыс- біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты  сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп алғыс алған адам бақытты болады. Осыған орай, мектебімізде ашық тәрбие сағаттары, акциялар, мерекелік іс-шаралар өтті.  Мақсаты - оқушылардың «алғыс» пен «парыз» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкенге ізет, кішіге құрмет, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

3 наурыз  күні«Ажары  қандай ғажап тым, Қыздары қандай қазақтың!» атты қыз сыны байқауы өтті. Бұл іс-шараға К.М.Шаймерденова мен М.Н.Абдыкаликова жауапты болды. Мақсаты- қыздарды имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, негізінде, әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.  Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар әннен шашу шашып, мың бұралған билерімен тамсандырып, таңдай қақтырар сән үлгісімен таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды.  Сайыс қорытындысы бойынша 9 «ә»-сынып оқушысы Магажанова Диана жеңімпаз боп танылды.

4 наурызда«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты мерекелік кеш болып өтті.  9 «а»-сыныбы және тәрбиешісі М.М.Жусупова  жауапты болды.  Ұстаздарға арналған мерекелік кеш өте жоғары  деңгейде өз  мәнінде өтті. Ұстаздар мен тәрбиешілерге ерекше құрмет көрсетіліп, әннен де, биден, жырдан да шашу шашылды. Көрерменнің көңіліне шуақ сыйлағандай ерекше әсермен тарқастық.