Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» VІІІ «KATEV» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

12 ақпанда дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында дәстүрлі облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасы болып өтті.  «Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры  тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады. Бұл конкурстың өткізілу мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамытуға бағытталған.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ,«Сөз шеберлері» номинациясында ұлттық құндылықтарды насихаттауда, даусы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі, сахнада өзін ұстауы, әуені жағынан ерекше көрінген8-сыныпоқушысы Сейілжан Бектас I орын (ұстазы Мұхаметжанова Р.Ж.), «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша әнді нақышына келтіре орындаған  9-сынып оқушысы Сейілхан Аманбол I орын (ұстазы Азамат Мәдиұлы), «Тілші-әдебиетшілер» номинациясында  арнайы тақырыпқа эссе жазып, тақырыптың мазмұнын ашып, оны жеткізе білген 9-сынып оқушысы Шарапиден Аида II орын (ұстазы Қасенова Т.Қ.) иегерлері атанып, ұстаздары мен мектеп абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Бағындырар белестеріңіз көп болсын!  Жеңімпаздарды және дайындаған ұстаздарын шын жүректен құтттықтаймыз!