Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ӨЗІҢДІ ТАНУ - ӨМІРДІ ТАНУ

2-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты дәстүрлі онкүндік болып өтті.Шараның басты мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсендіру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.

Апталықтың ашылу салтанатында «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай өткізілетін  іс-шаралар реті таныстырылып, Сара Алпысқызының жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға туралы жан-жақты мағлұматтар берілді.Аталмыш шараның ұйымдастырушысы өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахшалова Зайкен Бекмуханбетованың  айтуынша, жаһандану заманында оқушыларды рухани тұрғыда дамыту, адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлудің маңызы зор. «Өзін-өзі тану бағдарламасының идеяларымен шабыттанған әрбір мұғалім өзі оқытатын пәндеріне рухани-адамгершілік құндылықтарды ықпалдастыра алады»,- дейді.

Апталық барысында «Алтын жүректі Анамыз» кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектеп кітапханашысы Сулейменова Еркеш Ахметовна сөредегі кітаптармен таныстырып, «әңгімелесу» айдарымен С.А.Назарбаеваның оқушылармен әңгіме жүргізіп, ой-түйін жасады.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Ахшалова З.Б., Аскапова С.К өткізген «Ана тілі – жүрек үні», «Сізге деген махаббатпен»  атты ашық сабақтарын және сынып тәрбиешілерінің «Адам жанын жылытатын...» атты тәрбие сағаттарында ізгілік, жақсылық жасауға, білім, ғылымдағы жетістіктермен қатар, өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы паш етілді.

«Мейірім төгетін Ана» атты  өлең сайысы және 5-7 сыныптар арасында «Қызыққа толы бұл әлем» сурет сайысыболып өтті. Абдираимов  Ерназ, Жанболат Назерке, Сағит Жібек, Тілектес Абай, Кабиденова Аруана, Аулабаева Зарина, Тілеубек Ерғанат, Әсембай Ділназ, Есенбай Естай секілді оқушылардың туындылары үздік деп танылды.

Апталық аясындағы осы іспеттес іс-шаралар жалғасын тауып жатты. Мәселен, 5-6 сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылған «Күлкі жанды жадыратады» танымдық бейнефильм көрсетілімдерінің де маңызы өте зор деп санаймыз. Апталықтың жабылу салтанаты концерттік бағдарламамен, марапаттаумен  аяқталды.

Бұл іс-шаралардың басты мақсаты - оқушылардың өзін-өзі танудың туралы ұғымдарын кеңейту, рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру, оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету, мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым-қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

Қазіргі әлемде ғылыми техниканың шарықтауы жастарға әсерін тигізуде, басқа елдерден жақсы да жаман да нәрселер келеді. Олар өз кезегінде адамдардың психологиясына кері әсер етеді. Осындай уақытта жастардың жақсы мен жаманды ажырата білу қабілеттерін дамытуда еліміздің бірінші ханымы С.А.Назарбаеваның авторлық «Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының орны ерекше.