«Мәңгілік Ел» тақырыбындағы бір күндік серуен
2017 жылдың 9 қыркүйек күні 5-11-сынып аралығында «Мәңгілік Ел» тақырыбында бір күндік серуен өтті. Серуен барысында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Арнайы ұйымдастырылған ойын барысында мектеп оқушылары белсенділік танытты. Нәтижесінде, «Көңілді сөре» жарысында 5 «б»,6 «б»,7 «ә»- сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Ориентирлік жүгірісте 8,9,10,11-сынып оқушыларымен бірге жас мамандар қатынасып, І орынды математика пәнінің мұғалімі Булатов Даниярдың командасы қанжығаларына байлады, ІІ орын тарих пәнінің мұғалімі Мұхтар Дастанның командасы, ІІІ орынды 11 «б»-сынып тәрбиешісі Камшат Мубараковна бастаған команда иеленді.



