1-Қыркүйек - Білім күні!

2017 жылдың 2-қыркүйек күні мектебімізде Білім күні аталып өтті. Салтанатты жиында мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Мектеп директоры сөз сөйлеп, мектебіміздің оқушыларын, ұстаздарын және қонақтарын жаңа оқу жылымен құттықтады. Қадірлі қонақтар да жаңа оқу жылымен құттықтап, оқушыларға өз тілектерін білдірді. Алғашқы қоңырау соғылып, әр сыныпта тәрбие сағаттары өткізілді.




