Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘТБАЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Қазақстан ғылым Академиясының  тұңғыш Президенті  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  құрметіне арналған халықаралық олимпиада    Павлодар облысы, Баянауыл кентінде өтті.   Жас зияткерлер 2017 жылғы  26-29 мамыр аралығында химия, биология, физика, математика және информатика пәндері  бойынша білім  сайысына түсті.

     Барлығы 38 команда құрамында Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен және Ресей Федерациясының Якутия (Саха Республикасы), Новосібір, Омбы қалаларынан 235 оқушы қатысты. Биыл алғаш рет олимпиада қатысушыларының қатарында Челябинск қаласының командасы болды. 

     Облыс  командасының құрамында болып, география пәнінен мектебіміздің  8-сынып оқушысы Тасбулат Ерасыл  ІІІ дәрежелі диплом иегері атанса (Жетекшісі: Хасенова С.М.), биология пәні бойынша додаға түскен 7-сынып оқушысы Хуантхан Нұрсерікке  Құрмет грамотасы (Жетекшісі: Асанова Ш.Ж.) табысталды.