«ДАРЫН» МАРАПАТТАУ КЕШІ
2017 жылдың 19 мамыр күні мектебімізде ерекше дарынды оқушылар және олардың жеңіске жетуіне демеу болған ұстаздар қауымын мектеп әкімшілігі тарапынан марапаттау мақсатымен «Дарын» кеші өтті.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия ұжымы – бүгінде талай түлектерінің қанаттарын қомдап, қиясынан ұшырған ұлағатты орда, дарынды қабілетті шәкірттердің білімі мен білігін саралап, бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлап, жас ұрпақтың көш керуенін сара жолға бастап жүрген киелі шаңырақ, адами ізгі асыл қасиет пен ізгілікті бойына жиған, ұлағатымен танылған білім ордасы.
Кеш Өнерхан Балдәуреннің орындауындағы «Тек алға» әнімен ашылды.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп, атақты жазушы М. Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім жүйесіне байланысты.
Мектеп директоры Сүлейменов Жомарт Нұртайұлы ардақты профессорлар қауымын және аяулы ұстаздарды құттықтап, марапаттады.
Алғыс хатпен:
- Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Аскапова Сайран Кенесарықызы,
- Математика пәнінің мұғалімі Абитаева Гаухар Калеловна,
- Математика пәнінің мұғалімі Каирова Лаура Кажыкеновна,
- Математика пәнінің мұғалімі Каиржанова Арайлым Ерболовна,
- Физика пәнінің мұғалімі Жарылғасым Ерасыл Қуанышұлы,
- Шарипханов Ержан Бекболатович,
- Корабай Ризабек Жанұзақұлы;
«Ізденімпаз ұстаз» атты номинациясымен:
- Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Искакова Динара Сериковна,
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Төлеу Ұлжан,
- Тарих пәнінің мұғалімі Сарсенов Тулеген Мамрасилович,
- Химия пәнінің мұғалімі Абдикаримова Райгүл Мухамедьяровна;
«Тәжірибелі ұстаз» атты номинациясымен:
- Математика пәнінің мұғалімі Ергалиева Ментай Советқызы,
- Информатика пәнінің мұғалімі Кенжебаева Даметкен Камариденқызы;
«Білім шыңына жетелеуші» атты номинациясымен:
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Окпина Бақтыгүл Маулитқызы,
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мухамеджанова Райгүл Жетпісқызы,
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абаева Алмагүл Тұрлыхановна,
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қайрат Айсана Қайратқызы,
- Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бекенова Қорлан Қабыкенқызы,
- Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байдарбесова Қымбат Маратовна,
- Тарих пәнінің мұғалімі Мұхтар Дастан Бекболатұлы,
- География пәнінің мұғалімі Хасенова Сандуғаш Мүбәрәковна,
- Биология пәнінің мұғалімі Асанова Шнар Жангабыловна,
- Биология пәнінің мұғалімі Букурова Салтанат Болатовна,
- Информатика пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Идрисович;
«Ұлағатты ұстаз» атты номинациясымен:
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қасыбаева Майра Бағдатқызы,
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ахметова Гульзина Қабдырахмановна,
- Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Саденова Орынтай Батпековна;
«Шәкірт жетістігі – ұстаз абыройы» атты номинациясымен:
Тарих пәнінің мұғалімі Кәрімжан Жарылғап Төлепбергенұлы
марапатталды.
Дәстүрлі түрде өткізілетін олимпиадалар, оқулар және ғылыми конференцияларда мектебіміздің жеңіс туын желбіреткен оқушыларымызға «Талаптың мініп тұлпарын...» номинациясын және жоғары жетістіктерге жеткен 11-сынып оқушыларына «Ақылмен қанат қаққандар», сонымен қоса «Талапты ұл-қыз – тарих жұлдыз», «Дарын – жанып тұрған жалын» номинациялары табысталды.
Кеш барысында түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, мектеп белсенділері мен мұғалімдердің орындауында «Нағыз дарындар» әні шырқалды. Кеш өте жоғары деңгейде өтті.





