ЖАНСАЯ – С.ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ
2017 жылғы 20-22сәуір күндері Алматы қаласында қазақ тілі мен әдебиетінен «Жарқын болашақ» KATEV республикалық олимпиадасы өткізілді.
Облыстық кезеңнің жеңімпазы, мектебіміздің биылғы түлегі 11-сынып оқушысы Нұрбекова Жансая Павлодар облысының намысын қорғап қайтқан болатын. Нәтижесінде, «Тілші-әдебиетшілер» сайысында Жансая III дәрежелі дипломмен (қола жүлде) марапатталып, С.Демирел атындағы университетінің грантын ұтып алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайрат Айсана Қайратқызы на Алғыс хат табыс етілді. Білім айдынында қанатыңды кеңге жайып, еркін жүзе бер демекпіз!

