Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«МӘШҺҮР-ЖҮСІП: ӨМІРДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ, ІЗДЕНІСТЕРІ» АТТЫ ІХ ОБЛЫСТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

     Павлодар облысы білім басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  2017 жылғы 12 мамыр күні   мектеп оқушылары  арасында  «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің  философиялық  мәні, ізденістері» атты  ІХ  облыстық  зияткерлік конкурсы болып өтті.

      Мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын оқушыларға насихаттау мен кеңінен тарату.

     Қазылар алқасының құрамында ақынның ұрпағы, Еуразия Инновациялық Университетінің филология ғылымдарының кандидаты Жүсіпов Ертай Қуандықұлы және С.Торайғыров атындағы университетінің "Мәшһүртану" орталығының басшысы Анафина Нәйля Қаткенқызы болды.

     Конкурс 3 бағытта жұмыс жасады. Қазылар алқасының шешімдері негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»   мүшәйрасы  бойынша  І  орынды мектебіміздің 10-сынып оқушысы Сарыбай Құдрет иеленсе (Жетекшісі: Қайрат А.Қ.), «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау   бойынша  ІІ орынды 7-сынып оқушысы Шәкәр Мадина (Жетекшісі: Окпина Б.М.), «Білімді  зерек  адам  болам!» – десең, Қара өзіңді  басқаның  айнасымен» атты эссе жазу бағытында 10-сынып оқушысы Шарапиден Аида ІІ орынды (Жетекшісі: Касыбаева М.Б.) иеленді.  «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының мұғалімі Қайрат Айсана Қайратқызы  марапатталды. Барлық жеңімпаз шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!