Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Гимназияға қабылдау

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты

Ы.Алтысарин атындағы гимназия-интернаты

 

     2017 жылдың 27 мамырында сағат 9.00-де Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатына қабылдау емтиханы  өткізіледі. Емтихан тест түрінде өткізіледі.  

     Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 15 сәуірден бастап 25 мамырға дейін өтеді.

      Толық ақпаратты 8 (7182) 64-28-35 телефоны арқылы хабарласып біле аласыздар.

     Гимназия-интернатында жатақхана, асхана, би залы, спорт залы, кітапхана мен оқу залы, медициналық көмек көрсету кабинеттері бар. Оқушылар күніне 6 мезгіл тамақтанады. Сабақтан тыс уақытта «Жас ақындар» мектебі, сонымен қоса домбыра, шахмат, волейбол, бокс, күрес, робот техникасы, «Айжанқыз» би үйірмелері, «Жасұлан» патриоттық ұйымы, «Болашақ» оқушылар қауымдастығы жұмыс жасайды.

     Егер балаңыз егемен елдің білімді де, өрелі, өнерлі, дарынды да талантты әрі азаматтық, патриоттық, ұлттық-рухани тәрбиемен сусындап, биік белестерді бағындырсын десеңіз,  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының есігі Сіз үшін әрдайым ашық!

 


     Мекен-жайы: Павлодар қ. Айманов көшесі, 35.

     Телефондары: 8 (7182) 64-28-35, 8 (7182) 64-28-33, 8 (7182) 64-28-37.