«ӘДЕПТІЛІК – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ»
18 қаңтар күні тәрбие жоспарына сай 7 «б»-сынып оқушыларына «Әдептілік -тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты- оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымды, т.б. адамдық қасиеттерді игеру, әдепті болуға үйрету. Әдепті адам – қоғамның баға жетпес байлығы екендігін түсіндіру. Д.К.Жармаганбетова өткізген тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде әрі қызықты өтті. Атап айтсақ, 4 бұлтты сейілту арқылы тақырыпты ашып, кемпірқосақ түстері арқылы рефлексия жасалды. «Шаттық шеңбері» арқылы сергіту сәтін өткізді. «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай, ата- ананың, Отанның мақтанышы болатындай, бала бойындағы барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға шақыратын осындай тәрбие сағаттарының мәні зор.
