«Әз наурыз» мерекелік ән-шашу іс-шарасы
2017 жылдың 22 сәуірінде «Әз наурыз» мерекелік ән-шашу іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен бірге қуанатын.
Мерекелік іс-шарада сыныптар әр ұлт өкілдері ретінде өз өнерлерін көрсетті.
Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!


