«Биіктерге бірге!» атты үздік спорттық жоба байқауы»
Павлодар облысының білім беру ұйымдарының арасында «Самұрық-Қазына» АҚ-ың компаниялары тобы бар өңірлердегі «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасы шеңберінде «Биіктерге бірге!» атты байқау өткізілді. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, өңір басшысының қолдауымен өткізілетін байқаудың мақсаты – балалар мен жастар арасында салауатты өмір-салтын дәріптеу, көшбасшылық қабылетті дамыту және мектептерде жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес спорттық құралдарды сапалы жаңарту. Жеңімпаз атанған 70 мектеп қатарында жеңіске біздің мектебіміз де бар.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына өз алғысымызды білдіреміз! Рахмет саған «Самұрық-Қазына»!


