«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ТЕЛЕОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Қазақстан-Павлодар телеарнасының ұйымдастыруымен тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2017 жылдың 10 сәуірінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Мемлекеттік тіл және жастар» тақырыбы бойынша телеойын ұйымдастырған болатын.
Нәтижесінде, бағы мен бабы қатар шапқан 10 «б»-сынып оқушылары Шарапиден Аида I орын, Жанбау Марғұлан II орын иегері атанды. Жеңімпаз шәкірттеріміз ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!

