«МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ- ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ»
15 қаңтар күні 10 «б»-сыныбында еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша «Мамандықты дұрыс таңдау- табысты өмірдің кілті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты кездесу кеші түрінде өтті. Әртүрлі салада қызмет ететін маман иелері шақырылып, оқушыларға дұрыс таңдау жасау керектігін, қателеспеулері жөнінде жәнеде өздерінің еңбек жолдары бойынша ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар өз ойларын талқыға салып, қонақтармен ашық пікірлесіп, болашақта дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар алды.
