Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ОБЛЫСТЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ

     2017 жылдың 6 сәуірінде  Дарынды балаларға арналған  облыстық көп салалы лицей-интернатында  ХVІІІ облыстық Абай оқулары болып өтті. Облысымыздың жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 52 оқушы қатысты.

     Қазылар алқасының шешімі бойынша,  «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 5 «в»-сынып оқушысы Дайырбек Аяжан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Ал, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша мектебіміздің 9 «б»-сынып оқушысы Сейілжан Бектас ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

     «Ұстаздық еткен жалықпас» демекші, шәкірттеріңіз бұдан да биік белестерді бағындыра берсін демекпіз!