БОКС БОЙЫНША «ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА» АРНАЛҒАН АШЫҚ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ
2015 жылы 28-29 желтоқсан аралығында Павлодар қаласының №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында бокс бойынша «Жаңа жылдық шыршаға» арналған ашық қала біріншілігі өтті. Біздің мектептен 5 оқушы қатысып, бесеуі жүлделі орынға ие болды. Еркін Мукарам 30 кг салмақ дәрежесінде І орынға, Қайырбаев Ерасыл 42 кг салмақ дәрежесінде І орынға, Қаббар Ақдаулет 40 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға, Урдабеков Ауезхан 34 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға және Илимхан Дінасыл 32 кг салмақ дәрежесіндеІІІ орынға ие болды. Оқушыларды жаттықтырған директордың әскери-патриоттық тәрбие бойынша орынбасарыАқжолов Сембай Кенжебайұлына алғыс айтамыз.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!




