ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2016
2016 жылғы 29 тамызда облыс білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурс мақсаты – педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсіби шеберліктерінің артуына ықпал ету.
Конкурсқа жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жалпы білім беретін және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер ұстаздары қатысты.
Конкурс қорытындылары бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттан біздің мектеп ұстаздары - Қаирова Лаура Қажикенқызы, Ерғалиева Ментай Сөветқызы, Асанова Мергүл Жоламанқызы - математика пәнінің мұғалімдері ІІ орын, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Байдарбесова Қымбат Маратқызы, Жанғабылова Жазира Ерғалиқызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері ІІІ орын иеленді.
Жеңімпаздар 2016 жылғы қазан айында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының республикалық кезеңінде Павлодар облысын қорғайтын болады.

Құттықтаймыз!
