Гран-при облыстық «Музыкалық жанұя» байқауында!
ГРАН-ПРИ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен облыстық «Музыкалық жанұя» байқауында «Асыл мұра» дуэті жоғары нәтиже көрсетіп, Гран-при иегері атанды!
Дуэт құрамында өнер көрсеткен Садыков Жангелді мен Амангелді Иманжүсіп отбасын шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Дауенова Әсем Нығметоллиновна.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
