Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Гимназия мақтанышы Құрманбай Ернұр «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталды!

Республика күні қарсаңында Павлодар облысының әкімдігінде дарынды әрі белсенді жастарға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын табыстау салтанаты өтті.
Биыл байқауға 700-ден астам өтінім түсіп, 331-і облыстық кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде «Ғылыми-техникалық, шығармашылық пен оқу-зерттеу қызметі», «Кәсіби шеберлік», Шығармашылық, шеберлік», «Спорттық шеберлік» және «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациялары бойынша 100 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздардың қатарында республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы, гимназиямыздың мақтанышы - Құрманбай Ернұр «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталды.
Марапат құтты болсын! Ернұрды бұл жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттары орындалып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетістіктерің еселене берсін!

 

 

Гимназия мақтанышы Құрманбай Ернұр «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталды!