Ең үздік АӘД пәні мұғалімі

2016 жылдың 27-28 мамыр аралығында Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасындағы республикалық байқауы өтті. Бұл байқауға біздің мектептен директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары, АӘД пәні мұғалімі Акжолов Сембай Кинжебаевич қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
- * 50-59 жас аралығындағы категория бойынша І орынға ие болды және "Қазақстан патриоты" медалімен марапатталды;
- * Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпағын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне белсенді қатысып, зор үлес қосқаны үшін мадақтамамен марапатталды.
Сембай Кинжебаевичті шын жүректен құттықтаймыз!

