Республикалық олимпиададағы жүлделі жетістік!
Құттықтаймыз!
7–8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Кожина Айшабибі жүлделі ІІ орын иеленді.
Бұл жетістік — білімге деген құштарлық пен табанды еңбектің нәтижесі. Айшабибіге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңістерімен қуанта беруіне тілектеспіз!
Жетекшісі: Касыбаева Майра Багдатовна.
Еңбегіңіз еленіп, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
