Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Республикалық байқаудағы жарқын жетістік!

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 13–15 мамыр аралығында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді.
Ережеге сәйкес байқау бес бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Ілияс – эпик ақын» – «Құлагер» поэмасын жұптар құрамында кезекпен жалғастыру; «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар сайысы; «Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу; «Сұлу сөздің сүлейі» – өлеңдерді талдау; «Заманның заңғар тұлғасы» – жазушының бір шығармасына буктрейлер жасау.
Республикалық шара қорытындысы бойынша біздің оқушымыз, 10-сынып оқушысы Қайрат Алдияр «Дарын» РҒПО-ның құрмет грамотасымен марапатталды.

 

 

Республикалық байқаудағы жарқын жетістік!