Кітап – ой мен руханияттың қайнар көзі!
«Адал азамат» бағдарламасы аясында
Еліміздің білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектебімізде онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі — 8–10-сынып оқушылары арасында өткен «Жас қаламгер» байқауы. Байқау барысында оқушылар «Мен оқыған кітаптағы адал азамат бейнесі» тақырыбында эссе жазып, өз ойларын жүйелі жеткізе білді. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін танытып, кітап арқылы қалыптасқан адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Кітап – ой мен руханияттың қайнар көзі!

