«Алтынсарин олимпиадасы»: үздіктер анықталды!
4-сынып оқушыларына арналған облыстық «Алтынсарин олимпиадасының» жабылу салтанаты өтті!
Облыс көлемінде 630-дан аса оқушы қатысып, бүгін үздік атанған 45 жеңімпаз марапатталды:
7 І орын
13 ІІ орын
25 ІІІ орын
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Олимпиаданың өтуіне қолдау көрсеткен «Ертіс Дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына ерекше алғысымызды білдіреміз.
