Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Тарих пен өнер тоғысқан тағылымды кездесу

Бүгінгі кездесуіміздің қадірлі қонағы – Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің көпшілік ағарту бөлімінің білікті маманы, өз ісінің шебері Жеңісбек Қадырұлы.
Жеңісбек Қадырұлы – тек кәсіби маман ғана емес, жан-жақты дарынды тұлға. Ол 2012 жылы «Аймақтар аламаны» республикалық жобасында бас жүлдені жеңіп алып, ерекше өнерімен елге танылған. ҚР «Мәдениет майталманы» медалінің иегері. Сонымен қатар, Омбы қаласының 300 жылдық мерейтойында үш күн қатарынан өнер көрсетіп, «Батыр Жеңісбек» атағына ие болған. Ол «Қазақстанның ерекше бес адамы» қатарына енген.
Осындай табысты, еңбекқор азаматпен жүздесіп, тәжірибе алмасу – біз үшін үлкен мәртебе!