«Спорт – саулық кепілі» олимпиадасында жүлделі орындар
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде дене шынықтыру пәні бойынша «Спорт – саулық кепілі» атты олимпиада алғаш рет ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық. Қатысушылар өз білімдері мен спорттық дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, нәтижесінде командалық есепте жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар жекелей спорт түрі – баскетболдан І орынды жеңіп алды. Жеңімпаз оқушыларымыз: Халел Алдияр, Төкен Елжас, Бакибаева Нурайлым, Аргынова Малика. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісі: Байжырыкова С.К.
