Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бүгін мектебімізде "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға мектебімізді 50 жыл бұрын бітірген 1966 жылғы мектеп түлектері келіп, кеш қонағы болды! Олар 2016 жылғы мектеп түлектеріне ізгі тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Мектеп оқушылары ән айтып, би биледі. Мектепті үздік бітірген оқушылар мақтау қағаздарымен, ал Қабдолла Диана Жыл оқушысы, Мұхтар Дастан Бекболатұлы Жыл мұғалімі, Мусабекова Алтын Қайроллаевна Жыл тәрбиешісі номинацисымен марапатталды.
11-сынып оқушылары мектеп вальсін билеп, флэшмоб көрсетті. Түлектеріміз үшін соңғы қоңырау соғылып, олар мектеппен қош айтысты.
Түлектерімізге ақ жол тілейміз! Алдағы асудан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізсін!
