Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«OI SANDYQ» республикалық байқауында гимназия ұстаздары жеңіске жетті

2026 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Орта білім беру комитеті және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласында №51 М. Шоқай атындағы мектеп-гимназия базасында қазақ тілі мен математика мұғалімдеріне арналған «OI SANDYQ» республикалық зияткерлік байқауы өтті. Байқау екінші рет ұйымдастырылып, педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталды.
Еліміздің 20 өңірінен келген 200 мұғалім білім бәйгесінде бақ сынады. Павлодар облысынан 10 мұғалімнен құралған команда қатысып, оқу және математикалық сауаттылық бойынша кіріктірілген тапсырмаларды орындады.
Жұптық кезеңде біздің гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байрон Мәрес Жумашұлы және математика пәнінің мұғалімі Амренова Айнагуль Сарсембаевна 1 орын алып, дипломмен марапатталды.
Әріптестерімізді жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз еңбегі әрдайым биік бағалана берсін!

 

 

«OI SANDYQ» республикалық байқауында гимназия ұстаздары жеңіске жетті