Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Республикалық семинар аясында өткен «Олимп шыңы» олимпиадасында ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болды

Алматы қаласында «Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті. Іс-шара Ш. Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп базасында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Семинар аясында өткен «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасында Ахметова Гүльзина Кабдырахмановна, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі грамотамен марапатталды. Кабиденова Аруана Габидоллаевна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 1 орынға ие болды.

 

 

Республикалық семинар аясында өткен «Олимп шыңы» олимпиадасында ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болды