Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ұршық иіруден қалалық дода өтті
Бүгін Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Наурыз мейрамына орай ұршық иіруден қалалық дода өтті. Дәстүрлі өнерді дәріптеген сайыс екі кезеңнен тұрды:
1. Жүнді қолмен түту — ептілік пен шыдамдылықты талап ететін алғашқы кезең.
2. Ұршық иіру — қолөнердің нағыз шеберлігін көрсететін шешуші сәт.
Сайыс нәтижесі:
Байқау қорытындысы бойынша гимназиямыздың абыройын асқақтатқан оқушымыз Татенова Дильназ үздік шығып, 1 орынды иеленді!
• Жетекшісі: Шарипханова Г. О.
