«Жанды кітап» жобасы аясында көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің шығармаларына арналған әдеби кеш өтті.
Іс-шара жазушының «Кек» пьесасының жарық көргеніне 95 жыл толуына және «Құлагер» поэмасына арналды. Әдеби кеш барысында Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен рухани мұрасының маңызы атап өтілді. Іс-шараға Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері Бахаргүл Құрбанованың шәкірттері — Хұмарбек Әділет пен Амангелді Иманжүсіп қатысып, «Құлагер» поэмасынан әсерлі монологтар оқыды. «Кек» пьесасы арқылы қазақ халқының өткен дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік, зорлық-зомбылық пен әділетсіздік мәселелері көркем түрде ашылып, бай-манаптардың қара халыққа көрсеткен қысымы мен озбыр әрекеттері шынайы бейнеленді.
