Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында 2–7 сынып оқушылары арасында XXI «Зерде» республикалық конкурсын ұйымдастырды.
Конкурс Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығында өтті. Байқауға жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, химия, биология, информатика, робототехника, STEM-инженерия және басқа да секциялар бойынша 347 оқушы 272 жобамен қатысты. Нәтижесінде 6-сынып оқушылары Құрманбай Ернұр мен Берік Аруна Құрмет грамотасын иеленді. Жетекшісі — Әмренова Айнагүл Сәрсембайқызы. Құттықтаймыз!
