Республика күні қарсаңында Павлодар облысының әкімдігінде талантты және дарынды оқушыларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын табыстау рәсімі өтті.
23 қазанда Республика күні қарсаңында Павлодар облысының әкімдігінде талантты және дарынды оқушыларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын табыстау рәсімі өтті.
Оқушылар 5 түрлі номинация бойынша марапатталды: «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі», «Кәсіби шеберлік» (ТжКБ ұйымдары үшін), «Шығармашылық шеберлік», «Спорттық шеберлік» және «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».
Жеңімпаздардың қатарында республикалық, облыстық айтыстардың жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы, айтыскер ақын — Баршинбаев Мейржан «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталды.