«Білімім – Отаныма!» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты
Гимназияда 24 мамырда 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау бойынша «Білімім – Отаныма!» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының концепциясын ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірледі. ҚР Оқу министрі Ғани Бейсемьбаевтың бейнеқұттықтауы интерактивті тақтадан көрсетілді. Тәрбие сағатының мақсаты – балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.Мектеп түлектері үшін «Мен.Мектеп.Ұстаз» тақырыбында эссе жазу ұсынылды.


